BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Сот жүйесінің ізгіленуі. Екі мысал

Еліміздің сот жүйесі ізгілену процесін жалғастырып жатыр. Ақтау үкімдерінің тым аз шығуы бұған дейін де белгілі құқықтанушылар мен мемлекеттік қайраткерлердің сынына ұшыраған болатын. Айталық, Жоғары Соттың қазіргі төрағасы Жақып Асанов Бас Прокурор қызметін атқарған кезінде сот жүйесіндегі тараптардың ақтау үкімдерінен тым қорқатынын бірнеше рет айтқан болатын. Қазір сең жүре бастаған сияқты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жоғары Соттың кассациялық шағымдарды қарау коллегиясы 2 іс бойынша ақтау үкімін шығарды. Барлығы 12 іс қаралды.

Азамат Ерасыл Арғымбаевтың ісі

Ақтау үкімдеріне келетін болсақ, оның бірі - азамат Ерасыл Арғымбаевқа байланысты. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс әрекеттерінде қылмыстық құрам болмауы себепті тоқтатылды.
Азамат Е. Арғымбаев 2017 жылы жазасын өтеп жүргенде, «колонния әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбады» деген айыппен қосымша 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Апелляциялық инстанция үкімді өзгеріссіз қалдырған. Жоғары Сот осы іс бойынша Бас Прокурордың наразылығын қанағаттандырып, колонния әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбаудың 4 эпизоды бойынша Арғымбаевты кінәсіз деп тапты.

1-эпизод бойынша Арғымбаевтың әрекеті «ұсақ бұзақылық» деп танылған екен. Алайда Әкімшілік құқық бұзу Кодексі бойынша «ұсақ бұзақылық» деп - жеке тұлғаларға байланысты дөрекілік пен қоғамдық тәртіп бұзу танылады. Солай бол тұра, айыптаушы тарап Арғымбаевтың әрекеті қалайша бұзақылық болатынын негіздемеген. Арғымбаевтың әрекеті ұсақ бұзақылық болмайтынын - оның Әкімшілік құқық бұзу Кодексінің 428-бабы бойынша жауапқа тартылмағаны да көрсетеді.

2,3 эпизодтар бойынша Арғымбаевқа «ерсі мінез көрсетті» деген айып тағылған екен (басқа жазасын өтеушілермен каратэ амалдарын шыңдап, дене шынықтырумен айналысқан). Бірақ айып тек кезекші бақылаушылардың куәлігіне негізделген. Басқа айғақтар жоқ. Куә болуы мүмкін басқа жазасын өтеушілер немесе колонния қызметкерлері тергелмеген.

4-эпизод бойынша Арғымбаевқа бөлмеде киімсіз жүргені үшін жаза тағайындалған. Жазаны өтеу кезіндегі тәртіп Ережелерін бұзатын бұл әрекеті видеожазбаны қарау арқылы анықталған, бірақ қылмыстық іс материалдарында ол бойынша ешқандай ескерту жоқ екен.

Арғымбаев соңғы тәртіптік айыбын өтей тұра (6 ай өткен) оны жалпы ережедегі отрядтың орнына қатаң тәртіпті отрядқа жіберген. Бұл өз кезегінде Арғымбаевтың жүріп-тұру, серуендеу, ай сайынғы тамақ шығындарын өтеу, жатақханада тұру, т.б. құқтарын шектеген. «Әкімшіліктің заңды талабына бағынбады» деген айып дәл осы кезеңде тағылған.

Осылайша, колонния әкімшілігі тәрбиелеудің орнына жазалау жолын таңдап, негізсіз айып таққаны айқын болды.

Қылмыстық жазаны орындау кодексінің 130-бабы бойынша біркелкі әрекеттер бұзақылық болып танылмайтын болса да, бұл жайт ескерілмеген. Шынымен, күртесін шешпегені және каратэмен айналысып, дене шынықтырғаны үшін 3 жыл - тым қатал жаза.

Азамат Ғылымбек Сармановтың ісі

Жоғарғы Сот ақтау үкімін шығарған екінші іс - азамат Ғылымбек Сармановтыкі. Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуымен оған шығарылған үкімі қайта қаралды. Тексере келе, Сармановтың әрекеті - аяқталған белгісі бар қылмыс болмай шықты. Оның әрекеті қылмысты ағаттық қана екен. Қылмыстық Кодекстің 24-бабының 4-тармағына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік тек - орташа, ауыр немесе аса ауыр қылмысқа бару әрекеті үшін, болмаса террористік қылмыс үшін бар. Ал қылмысты ағаттық үшін қылмыстық жаза қарастырылмаған. Осылайша, кассациялық инстанция Сармановты ақтап, оның реабилитация және қылмыстық істі жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен келген шығындарды өтеп алу құқтары мойындалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер