BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Сот Мұратхан Тоқмәдиге үкім шығарды   

Алматының Алмалы аудандық соты Мұратхан Тоқмәдидің ісі бойынша үкім шығарды. Кәсіпкер үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы Тоқмәди мен процестік прокурор арасында кінәні мойындау туралы мәміле түрінде процестік келісім жасалды. Процестік келісімге сәйкес, сотталушы айыптаушы тараппен дауласпай, келісім жасауға өз еркімен ниет білдірді, зардап шегуші оны бекітуге келісім берді», - деп жазылған Алматы қалалық сотының сайтында жарияланған хабарламада.

Сот процестік келісім талаптарымен келісті. Соттың үкімімен М.Тоқмәди ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабы, 3-бөлімі, 2 тармағы және 287-бабы, 4-бөлімі бойынша 3 жылға сотталды.

Мұратхан Тоқмәди 12 маусым күні «Арман Вилла» тұрғын үй кешеніндегі өз үйінде ұсталды. Оның иелігіндегі «Қазстройстекло» зауытында тінту жұмыстары жүргізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер