BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.75 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

«Соңғы екі жылым өте ауыр болды». Денис Тен өзінің жарақаты туралы әңгімеледі

Фото: Sputnik Казахстан

2014 жылғы Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында соңғы жылдары жарақаты салдарынан қандай қиындықтар болғаны және оны емдеу бүгінде қай деңгейде екенін айтты.

«Мамыр басында ғана мұзға оралдым. Оған дейін коньки тебе алмадым, себебі сырғанауға тыйым салынды. Олимпиададан кейін аяғымда қатты рецидив болғанын мойындаймын. Маған үзіліс алу керек болды. Тобығымды жарақаттап алдым. Оны қалпына келтіру үшін кемінде екі жыл кететін шығар. Сол себепті қазір салмақ түсіргім келмейді, толықтай емделсем деймін», - деді спортшы.

Ол Пхенчхан олимпиадасына қатысатын болған соң аяғына ота жасатуға тәуекел етпегенін айтты.

«Операцияның да қауіп-қатері бар. Денеңнің кез келген бөлігіне хирургиялық араласу болған жағдайда операцияға ағзаның қалай жауап беретінін ешқашан білмейсің. Денеңде бұрын болған сезу қабілетін жоғалтып алуың мүмкін. Осындай себептер көп болған соң тәуекелге бара алмаймын. Сол себепті биыл өнер көрсетемін деп шештім. Мен үшін бұл кезең өте ауыр болды. Жаттығуға да, жарысқа да толық күшіңді арнай алмау – өте қиын. Барлық үміт ақтала қоймаса да, бұл өзгеше тәжірибе болды. Қолымнан не келеді, соны жасауға тырыстым. Менің қазіргі міндетім толығымен емделіп шығу болып отыр. Интенсивті оңалту практикасынан өттім, физиотерапевтпен жиі жұмыс істедім, 3-4 рет дәрі екті. Сіңірдің қалпына келуі ұзақ уақытқа созылады. Сүйегімді сындырсам, сіңірге қарағанда емдеу әлдеқайда жеңіл және тез жазылатын еді. Сіңірді жарақаттап алған соң тіпті ол емделген күннің өзінде бұрынғыдай шымыр болмайды», - деді Денис Тен сұхбат барысында.

Сонымен қатар Денис Тен «Болашақта бапкерлікпен айналысқыңыз келе ме?» деген сұраққа жауап берді.

«Шынымды айтсам бұл туралы терең ойланбадым. Балаларға көмектесу, өз тәжірибеммен бөліскен ұнайды. Әрқайсысы жетістікке жете алатынына көздерін жеткізгім келеді. Қазіргі жаттығуларына қарап менің кезімде жағдайдың қиын болғанын ұғамын. Демек, қазірдің өзінде оларда бір артықшылық бар және оны қолдана білуі тиіс. Бапкер ретінде академия ашу туралы идеяны түртіп қойдым, бірақ бапкер болу үшін мен әлі жаспын. Бапкерлік деген вакуум сияқты, бір түссең әрі қарай айналысып кетуің керек. Ал мен бірнәрсені қолға алсам, оны басынан-аяғына дейін жасап бітіремін. Шоу болса ол жәй шоу емес, үздік әлемдік шоулардың бірі, еліміздің символы болуы тиіс. Бір жобаны қолға алсам, оның басқа жобалардан ерекшелігі болуы тиіс. Бапкер болу үшін балалардың болашағына деген жауапкершілікті арқалауың керек. Дәл қазір бапкер болып кетсем дұрыс болмас еді. Мүмкін карьерамды аяқтаған кезде ақылым толысып, қандайда бір нәрселерге басқаша қарап үйренгенде бұл лайықты таңдау болар еді», - деді спортшы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер