BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Соңғы екi жылда елiмiзде 3 мыңға жуық үйдi су басқан

Соңғы екi жылдың көктемiнде елiмiзде 3 мыңға жуық үйдi су басқан. Бұл туралы халық алдында есеп берген ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Халыққа және өңiрлердiң экономикасына көктемгi судың тасуы жыл сайын көп шығын әкеледi. Соңғы 2 жылда елiмiздiң 9 өңiрi судан зардап шектi. 174 елдi мекенде 3 мыңға жуық тұрғын үйдi су басып, 14,5 мың адам эвакуацияланды. 240 автомобиль жолдары учаскесiн су шайып кеттi. Үкiмет жыл сайын мол судың салдарын жою үшiн қомақты бюджет қаржысын бөледi. Өткен жылдың өзiнде ғана Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғын үйлердi қалпына келтiруге резервтен 1,2 млрд теңге қаражат бөлiндi. Әрине, су басу - ол табиғи құбылыс. Барлығы бiздiң қолымызда тұрған жоқ. Алайда, жер-жердегiлер су басу қаупi жайлы алдын ала ескертiлсе, ауыр салдар мен оларды жоюға кететiн қомақты бюджет шығындарынан құтылуға болушы едi», - дедi Қасымов.

Министрдiң айтуынша, қазiргi таңда Iшкi iстер министрлiгiнiң азаматтық қорғаныс органдары жергiлiктi атқарушы органдармен, мүдделi орталық мемлекеттiк органдармен, басқа да ведомстволармен бiрiгiп, арнайы Жол картасын әзiрлеп, iске асырып жатыр. 2017-2020 жылдарға арналған карта судың алдын алу мен оның салдарын жоюға бағытталған. Ол елдi мекендер мен түрлi инфрақұрылым нысандарын су басу қаупiн төмендетпек.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
16 Маусым 2018, 11:56
"Сыңғырла соңғы қоңырау!"
Пікірлер