BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

SMS арқылы тілдегені үшін маңғыстаулық қамауға алынды

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының азаматы SMS арқылы былапыт сөздер жазғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі аудандық соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот барысында К. 22 тамыз күні, сағат 18.00 шамасында ұялы телефон арқылы Ж.-ға қасақана былапыт сөздер жазып, дөрекілік танытып, жеке тұлғалардың тыныштығын ұзақ уақыт бұзғаны анықталды.

Сот қаулысымен К. кінәлі деп танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер