USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

СҚО әкімі пәтер кілттерін табыс етті

Петропавл қаласында Тұңғыш Президент күніне орай пәтер кілттері табыс етілді. Жаңа қоныс Қизатов көшесінде бой көтерген, деп хабарлайды Baq.kz.

Кілт табыстау шарасы аясында жаңа қоныс иелерін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады.

«Қазақстандықтарды қолжетімді тұрғын үймен қамту –мемлекет басшысы Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басты саяси бағытының бірі. Бұл тәуелсіздік жылдарында жүргізілген халықты әлеуметтік қамту бағдарламаларының тиімді жүзеге асырылуының айқын көрінісі деп білемін. Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі жыл сайын 20%-дан астам көрсеткішке артып келеді. Мысалы, биыл 170 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның 60 мың шаршы метрі қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында бой көтеруде», - деп атап өтті өңір басшысы.

Облыс әкімі тұрғын үйді салған құрылыс ұйымдарына сапалы әрі уақытылы жұмысы үшін алғысын білдірді. Пәтер кілтіне барлығы 198 отбасы ие болды. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, бюджеттік ұйым мамандары, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары: жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және өзге де азаматтар бар.

Кілт тапсыру салтанатынан соң облыс әкімі Ерік Сұлтанов жаңа қоныс иелерінің пәтерлерін аралады.

Ұқсас сілтемелер:
05 Желтоқсан 2016, 09:05
СҚО-да шаңғы марафоны өтті
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады