BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады

Синоптиктер 12-14 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның бес облысында дауыл және 12 қазанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

«13 қазанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз 23-28 метр, оңтүстік-батыста 30-ға дейін жетеді. 14 қазанда күндізгі ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендейді. 13 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 23-28 метр болады, дауыл ықтималдығы 85-90 пайыз», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 12 және 14 қазанда Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында тұрақсыз, жауын-шашынды ауа райы күтіледі, ал таулы жерлерде қар аралас жаңбыр жауады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер