BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

СІМ бұрынғы жауапты хатшысы парамен ұсталды

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілі Нұрлан Жақин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Нұрлан Жақин сыбайлас жемқорлыққа қатысты өткен аптадағы нақты істерді атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қарашевтың ірі көлемде пара алу фактілері бойынша қылмысын әшкереледі. Жауапты лауазымды қызметті атқара отырып министрліктің ведомствалық бағынышты ұйымдарының басшылары Сәкенова, Нүрекенов, Жұмасанованың заңға қайшы әрекеттерін жасырып отырған. Бұл үшін Қарашев олардан 10 млн теңгені құраған заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алып отырған.

Өз кезегінде Сәкенова, Нүрекенов, Жұмасанова қылмыстық схеманы ұйымдастыра отырып министрлік үшін қызметтер көрсетуге шарттар жасаған және оларды кедергісіз қабылдау үшін кәсіпкерлерден 20 млн теңгеден астам пара алған. Жалпы алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Соттың санкциясымен Қарашев пен Нүрекенов қамауға алынды. Сәкеноваға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпас жазасы қолданылды», - деді Жақин.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер