BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығының 80%-ы мемлекеттік кіріс органдарында жасалады

Фото: ria.ru

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығының 80%-ы салық және кеден саласында жасалады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Оспанов «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас емқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында мәлемдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біздің зерттеу анықтағандай, министрлік қызметіндегі кемшіліктер мен олқылықтар және олардың көрсетіп отырған мемлекеттік қызмет сапасының төмендеуі сыбайлас жемқорлық үшін оңтайлы жағдай туғызуда. 2016-2017 жылдардағы статистикалық деректерге сәйкес, министрліктің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметерлеріне қатысты тіркелген сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтар саны және сотталған адамдардың саны жыл сайын кемудің орнына, өсіп келеді. Қаржы министрлігі органдарының саласында болып жатқан сыбайлас жемқорлық фактісі мемлекетімізге еселенген қауіп төндіреді», - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.

Оның айтуынша, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелері қызметкерлері жалға беру көлемінің ай сайынғы сомасын төмендету, толық жеткізілмеген тауарлар үшін мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша толық төлем төлеп лауазымдық қызметін теріс пайдалану секілді фактілермен сотталады.

«Аймақтарға іссапармен барған кезде мемлекеттік мүлік және жекешелендіру органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоқ дейді. Барлығы электронды портал арқылы өтеді деп айтады. Ешқандай байланыстың жоғын айтқанымен, бірақ қызметкерлер амалын тауып жылдар бойы жалға алушылардан пара алуда. Осы айтылған жемқорлық фактілері және кемшіліктер министрлік тарапынан ұдайы түрде және тиісті сыртқы бақылау жоқ екеніне көз жетіп отыр. Мемлекеттік кіріс комитетіндегі және аумақтық бөлімшелеріндегі сыбайлас жемқорлық көріністері министрлік ведомстволары ішінде ерекше орын алып жатыр», - деді Оспанов.

Мәжілісмен статистика бойынша, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығының 80 пайызы салық және кеден саласында, яғни мемлекеттік кіріс органдарында жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде елдегі кеден саласы бірден бір сыбайласқан сала болып отыр.

«Кеден қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілері сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жасалған сыртқы талдау бойынша келесі жағдайға жол берген нормалар мен ережелер анықталды: кеден сараптамасын өткізу, шартты шағарылған тауарларды тексеру және жеке тұлғалармен кеден шекарасы арқылы тауарларды тасымалдау кезінде, мемлекеттік кірістер комитетінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын мониторингілеу және сауалнама жүргізу нәтиежесі кеден орталық органдарында сыбайлас жемқорлық деңгейі салық органдарына қарағанда он есе жоғары. Ең бір сыбайласқан қызмет түрі – шекарадағы кеден бақылауы. Бірақатар аймақтарда сыбайлас жемқорлық 40 пайызға дейін жетіп отыр», - деді кеңес мүшесі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер