ШҚО-да өткен жылы бес мың отбасы ажырасқан - Қоғам|14 Маусым 2018, 17:44
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

ШҚО-да өткен жылы бес мың отбасы ажырасқан

Фото: netrazvodam.ru

Ерлер арасындағы ең жоғарғы ажырасу үлесі 30-34 жасты құраса, әйелдерде 25-29 жасты құрайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыста ажырасып кетіп жатқан ерлі-зайыптылар қатары көбеймесе, азайған жоқ. Аймақта некелескен екі жұпқа бір ажырасудан келіп отыр, яғни екі жұп екі отбасын құрап, жас отауларын көтерсе, бір отбасының шаңырағы бұзылып жатыр. 2017 жыл ішінде облыста 5 мың ажырасу тіркелген, бұл бес жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 7%-ға көп.

Ерлер арасындағы ең жоғарғы ажырасу үлесі 30-34 жасты құраса, әйелдерде 25-29 жас аралығына келеді. Ерлі-зайыптыларлар көптеген жағдайда 5-9 және 20 жыл бірге тұрғаннан кейін ажырасып кетіп жатқан көрінеді. Облыстық статистика департаменті мамандарының зерттеулері көрсетіп отырғандай, 2017 жылы ажырасуға дейінгі некелердің орташа ұзақтығы 9,1 жылды құраған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер