USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

ШҚО әкімі Өскеменді қардан тазалауға тағы 40 техника жұмылдырды

ШҚО әкімі бүгін түн ортасында Өскеменді қардан тазарту бойынша кеңес өткізді. Оған қалалық коммуналдық қызметтермен қатар жол жөндеумен айналысатын аймақтық кәсіпорындардың басшылары да қатысты.

Кеңестің қорытындысы бойынша өңір әкімі Даниал Ахметов облыстық маңыздағы жол компанияларының арнайы техникаларын Өскеменді қардан тазарту үшін тарту туралы өкімге қол қойды.

Жалпы саны 40 бірлікті құрайтын автогрейдерлер, бульдозерлер, тракторлар, қар тиеп, тасымалдайтын техникалар облыс орталығының шағынаудандары бойынша бөлінді. ШҚО ішкі істер департаментіне жол техникасының кедергісіз жұмыс істеуін қадағалау тапсырылды. Қосымша жұмылдырылған кәсіпорындардың шығындары облыстық бюджеттен өтелмек.

Өңір басшысы Даниал Ахметов Өскеменді қардан тазалау бойынша коммуналдық мекемелердің жұмыстарын өзі үйлестіріп, қатаң бақылауда ұстауда.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады