USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

ШҚО Абай ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ауа-райы қолайсыздығына байланысты Абай ауданының Саржал ауылдық округінде төтенше жағдай жарияланды. Қараша айында құбылмалы күн райы ауыл халқына біраз машақат әкелген. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Жарты метрге дейін қар жауып, арты жаңбырға айналды. Мұнан кейін сақылдаған саршұнақ аяз бен қатты боран соғып, жұрт тағы әбігер болды. Мал тебіндеп жайыла алмай шаруашылықтар қиналып отыр.

Ауылдан шаруа қожалықтарына баратын жолдар жабылып қалған. Осыған байланысты малшы қауымға азық-түлік, дәрі-дәрмек, малға азық жеткізу қиындаған. Кешегі күннен бастап Абай ауданы әкімінің шешімімен табиғи құбылысқа байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады