Шымкентте топырақ жолдар болмайды - Қоғам|12 Маусым 2018, 21:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Шымкентте топырақ жолдар болмайды

Фото: forum.probki.net

Шымкентте бұдан былай топырақ жолдар болмайды. Жүруге қауіпті әрі қолайсыз көшелердің барлығына тас төселіп аяқталып қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Шымкенттегі жолдардың жалпы ұзындығы – 2882 шақырым. Соның 334 шақырымы жолсыз деуге болады. Бұған дейін ұзақ жылдар бойы осы көшелердің тұрғындары қыста – саз-балшықпен, ал күн ыстықта шаң басқан жолмен жүруге мәжбүр болған еді. Биыл олардың талап-тілектері әкімнің назарынан тыс қалмады.

Шымкенттің әкімі Нұрлан Сауранбаев 2019 жылға дейін шаһарда топырақ жолдар қалмайды деп мәлімдеген болатын. Ондай жолдардың барлығына тас төсеу жұмыстары басталып, қазіргі таңда аяқталып қалды. Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде жалпы алаңы 1 миллион шаршы метр жолға тас төселді.

«Біз қала әкімдігінің тапсырмасын мерзімінде орындап шығамыз. Ал жұмыстың сапасын сарапшылардан бөлек көше төрағалары да бақылап отыр», - деді қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жетекшісі Абай Тұрханов.

Айта кетейік, көшелерге тас төсеу жұмыстары жоспарлы мерзімінен бұрын, шілде айында аяқталады деп күтілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер