BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы пара алғаны үшін 40 млн айыппұл төлейді

Фото: today.kz

Шымкент қаласында ОҚО әкімдігі ішкі саясат басқарма басшысы Болатбек Төлегенге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Абай аудандық соты Болатбек Төлегенді ҚР ҚК 66-бабы 3-бөлімі 1-тармағы бойынша кінәлі деп таныды. Сот үкімімен Б. Төлеген өмір бойына мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сондай-ақ, ол 40 547 847 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды», - делінген үкімде.

Үкімге сәйкес, бас бостандығынан айыру жазасы айыппұлмен алмастырылды. Экс-шенеунікке айыппұлды төлеу үшін бір ай мерзім берілді.

Естеріңізге сала кетсек, ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы 5 қазан күні пара алған деген күдікпен тұтқындалды. Жемқорлықпен күрес ұлттық бюро қызметкерлері оны жүргізушісімен бірге тұтқындап, қалтасынан ірі көлемдегі сома тапқан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер