USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

«Шымбұлақта» демалу қымбатқа түспек

Алматыдағы әйгілі «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында демалатындар үшін баға біршама көтеріледі. 10 желтоқсаннан бастап шаңғы тебушілер 9 500 теңге төлейтін болады. Ал қазір кіру ақысы – 6 500 теңге.

Курортты аймақтың жетекшілері тарифтегі өзгерістерді биыл жаз айларында жүргізілген жөндеу жұмыстарымен байланыстырып отыр. Енді он күннен кейін шаңғы демалыс кешенінде жаңа маусым басталады. Осы кезде курорттың аумағындағы барлық сырғанау жолдары іске қосылмақшы.

«Жөндеу жұмыстары үшін сатып алынған құрылыс материалдары мен құрылғылар бізге еуромен есептелініп жеткізілді. Өздеріңіз білесіздер, шетел валютасы бізде құбылып тұрады. Сол себепті, өз шығынымыздың орнын жабу үшін, бағаны осылай көтеруге мәжбүрміз. Бұл тек сырғанақ тебушілер үшін, ал демалыс аймағына кіріп, жаяу қыдыратындарға баға көтерілген жоқ», - дейді «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты маркетинг бөлімінің жетекшісі Владислав Семенов.

astanatv.kz

Ұқсас сілтемелер:
05 Желтоқсан 2016, 09:05
СҚО-да шаңғы марафоны өтті
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады