USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Шығыс Қазақстанда кесуге тыйым салынған ағаштарды заңсыз отау жиілеген

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Мемлекеттік орман қоры алқаптарында қылқан жапырақты екпелерд ісанитарлық кесуге тыйым салу» мәселесі төңірегінде дөңгелек үстел өтті. Басқосуда Шығыс Қазақстандағы санитарлық кесуге тыйым салу мәселесі өзекті тақырыпқа айналды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жалпы, бүгінгі таңда орманды алқапта кесуге тыйым салынған ағаштарды кесу жиілеген. Мәселен, Шығыс Қазақстанда қылқан жапырақты шаруашылық бойынша санитарлық кесу 627,5 мың метркубты құраса, оның ішінде майқарағай бойынша 573,78 мың метр кубты көрсетуде. Яғни, 2010 жылы ну орман болған алқап, 2014 жылы ағаштардың қатары сиреп, 90 пайызға жуық жел-дауылға төзімсіз аймақтар пайда болған.

- Санитарлық кесу проблемасы - басқа аймақтардан гөрі Шығыс Қазақстанда асқынып тұрған басты мәселенің біріне айналған. Бүгінгі таңда мақсатты кесу 3 мың болса, ал санитарлық кесу 7 мыңға жетіп отыр. Яғни, екі есеге ұлғайған. Ол дұрыс емес. Санитарлық кесуді бизнес мақсатында пайдалануға болмайды. Келесі жылы оған үзілді-кесілді тыйым салуға болар еді. Бірақ, ескеретін дүние көп. Орман шаруашылығы басшыларымен кездесіп, ақылдасуымыз қажет. Осы күнге дейін Шығыс Қазақстан жақтан ешқандай қарсылық болмады. Дегенмен, өзге аймақтарға қарағанда Шығыс Қазақстанда санитарлық кесу басым, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

Арай Сүгірбай

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады