BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Шетелдік министрге «Құрметті доктор» атағы берілді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Венгрияның сыртқы істер министрі Петер Сийярто М. Нәрікбаев атындағы КАЗГУЮ Университетінің «Құрметті докторы» атанды.

Петер Сийярто сапарын жоғары оқу орнының заманауи кітапханасымен танысудан бастады. Ол қос ел арасындағы достық қарым-қатынастың нығайып келе жатқанын атап өтіп, оқытушылар мен студенттерге дәріс оқыды.

«Мен Қазақстанға алғысымды білдіремін. Оқу орнына қайта шақырту алу мен үшін үлкен құрмет. Венгрияда, Қазақстанда және әлемнің басқа аймақтарында да үлкен өзгерістер болып жатыр. Бүгін сіздермен әлемдік ахуал жайлы пікір алмасқым келеді», - деді Венгрияның сыртқы істер министрі аталған университеттің мәжіліс залында өткен шарада.

Сондай-ақ университет ректоры Талғат Нәрікбаев қос елдің ғалымдары білім саласында тығыз байланыс орнатқанын атап өтті.

«Университетіміз Венгрияның бірқатар жоғары оқу орынымен байланыс орнатты. 2014 жылы жұмыс бабымен Будапештте болдым. Корвиния университетімен өзара достастық туралы меморандумға қол қойдық. Қазіргі таңда екі жақты студент алмасу аясында тығыз байланыстамыз. Жақында ғана «Салыстырмалы конституциялық құқық» тақырыбында Венгрия студенттері мен профессорлары университетіміздегі халықаралық жазғы мектепте білім алды», - деп түйіндеді сөзін ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер