BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, оңтүстік-шығыс жартысында және батыста екпінді жел мен бұрқасын болады. Кей жерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.

Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде тұман түсіп, күндіз Жамбыл, Алматы облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер