Сейітқазы Матаев Қазақстан Журналистер одағын қайтадан басқарды - Қоғам|14 Маусым 2018, 17:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Сейітқазы Матаев Қазақстан Журналистер одағын қайтадан басқарды

Фото: bnews.kz

Сейітқазы Матаев Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы болып қайта сайланды. Бұған дейін одақты Тамара Қалеева уақытша басқарған еді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Журналистер одағы – еліміздегі ең ірі шығармашылық ұйым. Барлық облыста, Алматы мен Астанада оның филиалдары бар және газет, телевидение, радио, интернет-басылымдарда қызмет ететін 5 мыңға жуық қызметкер оның мүшесі.

Еске сала кетсек, Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет «ҚазТАГ» ақпараттық агенттігін басқарған, сондай-ақ аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деген айып тағылған.

Сот шешімімен ол алты жылға бас бостандығынан айырылса, ұлы Әсет Матаев бес жылға бас бостандығынан айырылған. Аппеляциялық сот алқасы Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты негізгі сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, бірақ қосымша бөлімін өзгертті. Сәуір айында Сейітқазы рақымшылық заңына ілігіп, 2017 жылдың 4 желтоқсаны күні бостандыққа шыққан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер