BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Сатып алу қабілеті артқан сайын өнер мен ойын-сауық саласында сұраныс артты – зерттеу

Фото: ашық дереккөзден

2018 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша мәдениет пен ойын-сауық саласындағы қызметтер бір жылда 5,5% қымбаттады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың I тоқсанында қазақстандықтарға шығармашылық, өнер мен ойын-сауық саласында 9,2 миллиард теңгеге қызмет көрсетілді - бұл осыдан бір жылғы бұрынғы көрсеткіштен 14,4% артық.

Қызметтің басым бөлігі үлкен қалаларда көрсетілген: Алматыда 30,6% (2,8 млрд теңге, жылына +12,5%), және Астанада 30,1% (2,8 млрд теңге, жылма жыл бірде +50,6%).

Айта кетейік, биыл Астанада елорданың 20 жылдығына орай көптеген мәдени шаралар өткізілді.

2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша көрсетілген қызметтің жартысы театр саласына тиесілі болды - 54,5%, ал концерттік шаралар 27,7% құрады.

Атап өтсек, ресми мәліметтерге сәйкес шалғайдағы елді мекендерде шығармашылық, өнер мен ойын-сауық саласындағы көрсетілген қызмет 0,7% құрады. Осыдан бір жыл бұрынғы жағдайда дәл осындай болған.

Жалпы, 2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша мәдениет, ойын-сауық және демалыс саласындағы қызмет құны өткен жылдың қаңтар-маусым айымен салыстырғанда 5,5% қымбаттады.

Айта кетейік, сәйкесінше кезеңде инфляция көрсеткіші 4% құраған болатын.

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өткен жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша, инфляция деңгейі 7,7% шамасында болған жағдайда қызмет көрсету құнының өсімі 6,5% көрсетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер