USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Сасқан үйрек артымен сүңгиді...

Кезекті спектакль. «Халық арасында толқу ұйымдастыру арқылы, Қазақстанда «екінші Украина сценарийін» қайталамақ болды» деген айыппен соты болып жатқан Талғат Аянов пен Макс Боқаевтың Төлешовтен келген көк қағаздар үшін қызмет еткені бәрібір белгілі болып қалды. Себебі, осы фактіні нақты айғақтайтын куәгерлер Р. Кибраев пен сотталушы Талғаттың досы М. Есілбаевтан жауап алынар сәтте, атышулы екеу «денсаулығымыз болмай тұр» деген желеумен сот процесіне үзіліс жариялауды талап етіп жатыр.

Өзге емес, өзінің досы М.Есілбаевтың бүгін бетін ашатынын жақсы білетін Талғат Аянов түнде тамырын кесіпті. Осындай жолмен сотқа психологиялық қоқан-лоққы жасаған Талғат Аянов «сот процесіне қатысуға жағдайым келмей тұр. Үзіліс жариялаңыз» деп тұрып алды. Ал, Макс Боқаев болса, сотқа қатысудан бас тартып жатыр. «Денсаулығым болмай тұр» деп, кеше сот залында айғай салған оны дәрігерлер қарап шықты. Иә, оның созылмалы инфекциялық С гепатитіне шалдыққаны, панкриатитпен ауыратынын дәрігер де айғақтады. Және соған қоса, медициналық анықтама да берді. Онда мұндай диагнозбен айыпталушының сотқа қатыса алатыны анық жазылған. Осылайша, судья сотты Макс Боқаевтың қатысуынсыз жалғастыруға шешім шығарды.

«Сасқан үйрек артымен жүзедінің кебін киген» Талғат пен Макс өздерінің ақша үшін ғана қызмет еткендерін дәлелдеп беретін куәгерлерден осындай жолмен қашқақтап жатыр. Спектакльдің қалай жалғасарын уақыт көрсетеді...

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер30
Кира
Төлешовтің саңырау саясатын ұстанып, халықты алдаймыз деп ойлағандар оңай олжаны көздегені расталып келеді. Заң алдындағы жазаны өтер, азамат ретінде отан алдындағы ар алдындағы жазалары қалай болар екен бүлікшілдердің?
Амантай
Мыналарың нағыз әртістер ғой. Екеуі публикаға ойнап жатыр.
Жаке
Сасқан үйрек артымен сүңгиді деп қалай дәл айтылды
Майра апай
Бұларды жердің жанашыры деп жүрсек, бұлар нағыз от салушы адамдар екен ғой
Айгул
Оңбаған Төлешев екен ғой бәрін ұйымдастырып жүрген
Турар
Сот ісі енді соңына жақындаған секілді ғой, әділ жаза болады деп сенміз
Айбек
осынша шудың бәрі ақша үшін болған болып тұр ғой
Жарас
Бізге Украина керек емес, заңмен қатал жазаланады деген сенімдеміз
Сагида
Ақшаға елін сатып, халқын алдаған адамдардан не болса да күтуге болады, жігіттік намыстары да жоқ екен
Ақерке
Қасында жүргендері анықтап, дос деп жүргенінің кім екенін көрсете білді деп ойлаймын.
Алтынбек Ерсұлтан
Ақылға қонымсыз әрекеттерімен заңнан қашқақтауы ұят. Енді тек осы екеуінің мойнына алуы жетпей тұр. Ақшаға сатылып әрекет еткені ашылып, айғақта дәлел де көріне бастады.
Алима
Төлешов ақша бердім деді, Талғат алмадым деп еді, алғанын маңында жүргендер растап берді, енді ойланып жатырған секілді бұл жігіт.
Сайкеш
Олар сот процесін ұзартқысы келіп отыр, сондықтан да бұл орындала қояр ма екен, кім білген.
Ара
Мынаны қара, куәгерлерден қашқақтаған атышулы екеу қашанға дейін созбақшы бұл сотты?
Фарида
Бұл істері тым артықтау кеткен секілді. Расымен сасқан үйрек болып отырған шығар.
Расылхан
Қара басын күйіттеген екен бұлар. Халық сеніп, еріп шықты ғой. Төлешовтің ақшасына бола осындай сұмдық қадамға барыпты. Тамырын кесіпті түнде. Бұдан бірдеңе өзгере ме?
Жанғабыл
Өзге емес өз достары қылмыстарын дәлелдеп тұр. Ақша алғандарын айқындап тұр. Болды ғой енді ,кімге нені дәлелдей алады?
Динара
Бұларды біз батыр деп жүрміз -ау. Бұларым ақшаға сатылған екен ғой. Заңсыз митинг жасағаны үшін жазаларын тартсын. Ақша үшін елдің берекесін қашырғандары несі?
Ұлар
Мына екеуі еңбекті ақтамады ғой. Соңына дейін арандатушы екендеріне сенбеп едім. Енді достарының пікірінен кейін толық сендім.
Хадиша
Тағы қоғамға көрсетпеген қандай өнерлері бар екен. Іс-әрекеттері енді тым шектен щығып бара жатқан секілді.
Сафура
Спектакль енді басталып келе жатыр. Актерлар роль үшін таласуда. Артын бағып күтелік
Kamilla
шамасы мұнда бір шикілік бар. Не болса да әділ шешім шықса екен
Зере
Куәгерлермен кездесуге беттері шыдамай оытр дегенді айтқысы келіп отыр-ау автор. Шығып кетіп, ауырып тұрмын дегені рас болса әбден-ақ мүмкін нәрсе. Көңіл таза болмағанда жүрек орнында болар ма?
Дархан
Мафияның басы Төлешовтің мәлімдемесімен ақ осы іс бітер деп едім, мыналардың ойыны әлі бітпепті
Лаура
Ұзаққа созылды мына іс, бірақ ең бастысы нәтиже бар, құқық қорғау органдары қызмет атқарып жатыр деген сөз. Төлешовтің өзін тізе бүкітіріп, шындықты мойындатқандарына қарағанда!
Асан
Мына екеуі Оскарсыз жүрген әртістер ғой нағыз! Немесе фильм көп көрген.
Мирас
Хммм, бұлар да бір ойын ойнаудан жалықпады, халық та бұл екеуіне имандай сеніп, Үкіметке ызалы, әділетсіз бұл ара
Көркем
Батырларыңыздың бетперделері шешілді! Ал көріңіздер! Жақтаушы тарап енді не деп ақтап шықса да пайда жоқ, ақиқат айқын
Ұлпан
Біз "батыр, халық жанашырлары" деп жүрген сабаздарымыз шындықпен бетпе-бет келуден жасқануда...!
Ерке
Шындықпен бетпе бет келуден тайсалған болса керек, жарамады бұнысы...

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады