BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Сәрсенбіде елдің басым бөлігінде аяз болады

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, аязды болады.

Солтүстік аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, оңтүстік-шығыста жел сақталады. Республиканың кей жерінде тұман, батысында көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын болады.

Aлматы облысының кей жерінде түнде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Aқмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер