BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Сарыарқа ауданының әкімі ашулы: Тіпті, көмектесетін түрі жоқ

Фото: скрин

Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек желіге салынған видеоға ашуланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Іnstagram-дағы парақшасында жазды.

"Құрметті тұрғындар! Осындай қолайсыз ауа райы кезінде шыдамды болайық, бір-бірімізге көмектесейік. Егер көшеде қатты желдің кесірінен біреудің жүре алмай тұрғанын көрсеңіз, біреуді жел ұшырып жатса, көліктер батып жатса, тоқтаңыз, көмектесіңіз, мейірімді, қамқор болыңыз!

Желіде тараған мына видеоға қарап, көңілім толмай отыр. Ер адамдар көлікте отырып, видео түсіруде. Тіпті, шығып көмектесетін түрі жоқ. Тағы видеоға ән қосуға ерінбепті", - деп жазды әкім.

A post shared by Arman Turlubek (@arman_turlubek) on

Айта кетейік, бүгін табиғи жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Астана әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берді.

Еске сала кетейік, «Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, 11 қаңтарда атмосфералық ағындарға байланысты ел аумағының басым бөлігінде қар жауады, тұман, көктайғақ, желмен бірге бұрқасын болады.

Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада екінші ауысымдағы оқушылар үшін де сабақ болмады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер