USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Салтанатты күнге орай сарбаздар сап түзеді

Астана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының саптық алаңында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Жиын барасында Ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған жас қызметкерлерден Ант қабылдау рәсімі өткізілді. Күзет полициясы басқармасының бастығы полиция полковнигі Оңал Ботайұлы полицейлерді сертке берік, антқа адал болып, нақты қызмет етуге шақырды. Мерекелік шарада полицейлерге арнаулы атақтар, громаталар және алғыс хаттар салтанатты түрде табысталды.

Мекеме бастығы атаулы күнмен құттықтай келе, бүгінгі таңда қызметкерлерге қай жағынан болмасын барлық жағдай жасалуда, үнемі қолдау көрсетіліп келеді деді өз сөзінде. Осының бәрі тұғыры биік Тәуелсіздіктің, кемеңгер Елбасының арқасында екенін атап айтты.

"Қазіргі таңда саптағы сарбаздан бастап барлық әскери қызметкерлердің жағдайлары жасалған. Соның негізінде оларға артқан сенім де, отан алдындағы абыройлы міндет те үлкен. Елбасымыздың қамқорлығының арқасында бүгінгі сарбаздар да, әскеридер де ел сенімін ақтауға дайын" - дейді шараға қатысушы жас сарбаз.

Шара соңында полиция қызметкерлері салтанатты шерумен жүріп өтті.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады