BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Сағынтаев сербиялық кәсіпкерлерді Қазақстанға жұмыс істеуге шақырды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев сербиялық кәсіпкерлерді Қазақстанға жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз өңдеуші өнеркәсіп пен шикізат секторында инвестиция салуларыңызды қолдаймыз. Президент жақында Ұлттық банкке экономиканың түрлі саласына 600 млрд теңге бөлуді тапсырды. Бұл – агроөнеркәсіп кешені, тамақ өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсіп және шағын және орта бизнес салалары. Аталған бағдарлама аясында сіздер қазақстандық әріптестеріңізбен бірге өңдеуші өнеркәсіп саласында ірі кәсіпорын аша аласыздар», - деді премьер-министр Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Сербия бизнес форумында.

Осы орайда Бақытжан Сағынтаев сербиялық бизнесмендер ауыл шаруашылығы саласына да инвестиция сала алатынын жеткізді.

«Агроөнеркәсіп кешеніне де баса назар аударылады. Жыл сайын мемлекет ауыл шаруашығы бағдарламаларына 100 млрд теңге бөліп отыр. Сіздер Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істейді деген үміттеміз», - деп түйіндеді сөзін үкімет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстан-Сербия бизнес форумы өтіп жатыр. Оған Сербия президенті Александр Вучич пен Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қатысқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер