USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Республикалық тас жолдарды бақылау күшейтілді 

Фото: kazavtodor.kz

Кеше ауарайының күрт бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелген «Алматы-Ташкент» тас жолының Жамбыл облысындағы бөлігінде бүгін таңертеңнен бастап, қалыпты жағдайға түсті. Бұл туралы Baq.kz тілшісіне ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, ауа райының күрт суытуына және жолдағы көріністің нашарлауына байланысты ҚР Төтенше жағдайларкомитеті дайындық шараларын күшейтті. Қазірдің өзінде әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, республика бойынша барлығы 32 мың адамнан құрылған арнайы топ жасақталды. Олардың қатарында өрт сөндірушілер, жедел құтқарушылар, аэромобилді құтқару жасағы мен дәрігерлер бар. Құтқару және көмек көрсету жасағы арнайы техникалармен қамтамасыз етілген.

«Жыл басынан бері республика бойынша 330 мыңнан астам адам құтқарылып оның 34 мыңы арнайы медициналық көмекке жүгінген. Жалпы, соңғы 9 ай ішінде Төтенше жағдайлар қызметі 1 млн. рет құтқару шараларына шыққан»,- дейді арнайы өкіл.

Ал «Қазахавтодор» РМК арнайы өкілі Олжас Баймұхановтың хабарлауынша, қазіргі таңда Республиканың барлық өңірлерінде жолдар ашық және қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.

Күннің күрт суытуына байланысты республиканың негізгі тас жолдарында бақылау күшейтіліп, алдын алу жұмыстары басталып кеткен.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады