BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Радионы визуализациялау заман талабы - Мәди Манатбекұлы

Радио нарығындағы жаңа өзгерістерге ілесу – заман талап еткен негізгі міндетіміз. Сондай трендтің бірі радионы визуализациялау. Бұл туралы «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры Мәди Манатбекұлы Астанада әлемдік деңгейдегі журналистер мен телерадио басшылары басын үш күнге қосқан «Азияның медиа диалогы» форумының кезекті жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мәди Манатбекұлының айтуынша, радионы визуализациялау жоспары бойынша 2018 жылдың мамырынан бастап Қазақ радиосының тікелей эфир студиясына 360 градустық кәсіби робот камералар орнатылған.

«Бүгінде осы құрылғылар арқылы Қазақ радиосы Instagram, Facebook, ресми сайтта және YouTube арнасында тікелей эфирде, тестік режимде хабар таратады. Жыл соңына қарай, «Шалқар», «Астана» және «Классик» радиоларына да бейнекамералар орнатылады. Қазір «Қазақ радиоларының» әлеуметтік желідегі көрсеткіштері 4 радионы қоса есептегенде: Facebook желісіне жазылушы былтырмен салыстырғанда 44% артты!; Instagramда – 16 есеге өсті!. Әр радионың жеке сайты бар», - деді ол.

Бұдан басқа «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасының жұмыс істеп тұр. Осы арқылы әлемнің кез-келген нүктесінен корпорация құрамындағы телеарналар эфирін жоғары сапада көруге болады. Оның ішінде, Қазақ радиоларын да онлайн тыңдау мүмкіндік бар.

«Таяу арада подкасты бар интеллектуалды-мобильді қосымша ашуға дайындалып жатырмыз. Отандық радио кеңістігіне жаңа леп, серпін әкелу үшін 2019 жылдан бастап «Қазақ радиоларын» республикалық «Оtau-tv» спутниктік желісіне дербес арна ретінде қосу жоспарланып отыр», -* деп толықтырды Мәди Манатбекұлы.

Сонымен қатар, ол радио нарығындағы бүгінгі трендтермен де бөлісті. «Радионың әлі күнге жарнама нарығында 10% деңгейіне шықпады. Қазақстанда радиоға жарнама тапсырысының тек 6%, өзге елдерде 5-7% көлемінде. Егер радионы интернет, мобильдік қосымша, әлеуметтік желі арқылы дамыта берсек, бұл көрсеткіштің өсетіні анық»,-деп түйіндеді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер