BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Нәрестелер арасында ең жиі қойылатын есімдер белгілі болды

Астана, BAQ.KZ. Астанада ата-аналар жаңа туылған нәрестелеріне ең көп қоятын есімдер анықталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қаңтар-қазан айларында Қазақстан астанасында 27 998 бала жарық дүниеге келді. Астананың АХАТ статистикасы бойынша жаңадан туылған нәрестелер арасында ең танымал есім – Әлихан мен Медина болған. Осы жылы 289 баланы Әлихан деп атаса, 387 қызды – Медина деп атаған.

Ең кең тараған есімдердің ондығына ұл балалар арасында Әмір, Әли, Айсұлтан, Арлан, Алан, Санжар, Алдияр, Ерасыл және Мансұр кіреді.

Қыздар арасында Айзере, Айлин, Әмина, Айша, Раяна, Айару, Аяла, Сафия және Аиша есімдері көбірек қойылыпты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер