BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Прокопенко: Еліміз қоғамды біріктірудің өзіндік әдісін таңдап алды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген сындарлы саясат арқасында еліміздегі ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Әлемде интеграцияның әртүрлі модельдері бар. Көптеген елде этникалық топтардың құқықтық жағдайы ұлттық азшылық институты арқылы реттеледі. Өз кезегінде Қазақстан дамудың өзіндік даңғыл жолын таңдап, полиэтникалық қоғамның өзіндік интеграциялық әдісін дайындады. Бұл ретте шешуші рөлді екі негізгі фактор атқарды. Біріншісі – ел Президентінің саяси ерік-жігері. Елбасы әу бастан-ақ ел саясатының басымдығы ретінде бірлікті таңдады. Екіншіден, бұл – интеграцияны қамтамасыз ететін модель. Біздің Конституция – «Біз Қазақстан халқы» деп басталады. Бұл елдегі барлық азаматтардың ынтымақтығының іргетасы бола білді», - деді Леонид Прокопенко Назарбаев университетінде өткен «Қазақстан мен Германиядағы интеграциялық саясат. Салыстырмалы талдау» тақырыбындағы халықаралық конференцияда.

Оның айтуынша, этномәдени бірлестіктердің Қазақстан халқы Ассамблеясына бірігуі ұлттар мен ұлыстар арасындағы бірлікті одан әрі нығайтуға түскен.

«Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың моделі – Қазақсан халқы Ассамблеясы этникалық топтардың құқықтары тұрғысында демократиялық стандарттарды қамтиды», - деді ол.

Сонымен қатар жиында Қазақстандағы Конград Аденауэр атындағы қор өкілдігінің директоры Томас Хельм қазақ елі мен Германияның арасындағы интеграциялық саясаты туралы баяндады.

Осы орайда Леонид Прокопенко елімізде неміс этномәдени бірлестіктері белсенді түрде жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда 180 мыңға тарта неміс бар. Неміс этномәдени бірлестіктері белсенді түрде жұмыс жүргізуде. Президенттің тапсырмасы бойынша академиялық деген жоғары мәртебе берілген неміс драма театры да бар. Неміс газеті шығып тұр. Мемлекет неміс мәдениеті, дәстүрі мен тілінің дамуына барынша қолдау білдіріп келеді», - деді этномәдени Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер