BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Проблемалық кредиттер қоры: Қаңтардан бастап теңгерімдегі мүліктің 25% сатуға шығарылады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ны қайта ұйымдастыру жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім болды.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы оған «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамын қосу арқылы қайта құру көзделген. Қаржы министрлігі сатып алынған активтерді экономикалық айналымға, яғни, Проблемалық кредиттер қорында жатқан барлық активтерді жеке секторға қайтаруды қор алдына маіндет етіп қойып отыр. Түскен қаражат мемлекет кірісне бағытталатын болады. Сонымен қатар, сату қаржы министрлігіндегі мемлекеттік электронды алаң арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта бұл алаңда мемлекеттік меншіктегі нысандарды жекешелендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан кезекті спикер «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Бақберген екінші деңгейлі банктерді қалпына келтіру жұмыстарына тоқталды. Ол «БТА Банк» АҚ активтерін сатып алу арқылы оның еншілес компанияларының жұмысы ретке қойылғанын мысал етті.

«БТА Юанк» АҚ-мен келісім аясында бізге берілген еншілес компаниялар белсенді жұмыс жасап, пайда әкеліп жатыр. Алайда, бизнеспен бәсекелес болу біздің мақсатымыз емес, біз бизнес құрылым емеспіз. Біз ол активтерді неғүрлым жылдам бизнес ортаға тапсыруды міндет етеміз», - деді Дәулет Бақберген.

Ол «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ теңгерімінде тұрған активтерді сату ашық және әділ өтетінін айтты.

«Тұрғын үй қоры бойынша айтар болсақ, бізде БТА Банктің жұмыс істемейтін займдары бойынша меншікке өткен 70 жуық пәтер бар. Онда қазір адамдар тұрып жатыр. Олардың әрқайсысы бойынша жеке-жеке жұмыстар жүргізіліп жатыр. Егер, тұрғындардың пәтерді сатып алуға мүмкіндігі болмаса, біз оларды қыс уақытында далаға қуп шықпас үшін, құрығанда коммуналдық шығындарды төлеу үшін біздің қормен жалға алу келісімшартын жасауды ұсындық. Сонымен қатар, олардың электронды сауда арқылы өз пәтерлерін сатып алу мүмкіндіктері де қарастырылып жатыр. Қаңтар айынан бастап өте үлкен мүлікті саудаға шығаратын боламыз. Бұл қор теңгерімінді тұрған мүліктің шамамен 25%. Бұқаралық ақпарат құралдарына о боынша барлық тиісті ақпарат жарияланатын болады», - деді басқарма төрағасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер