BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Президентке Денис Тен өліміне қатысты екі рет баяндама жасадым – министр

Фото: ОКҚ баспасөз қызметі

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Тен өліміне қатысты мән-жайды толық айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қасымов Денис Тен өлімінен кейін үш күн ұйықтамағанын айтты.

«Қайғылы жағдайдың мән-жайын сот анықтайды. Объективті түрде сіздерге айтарым, күдіктілер Алматыда тұрады, екеуі де сырттан келген. Осыған дейін әрқайсысы үш рет сотталған. Олар Алматыға келген соң алғашқы кезде көлік жуатын орында жұмыс істеген, содан кейін жайлап айна ұрлауға көшкен. Сол күні оларға ақша қажет болған. Құжатсыз, ештеңесіз пәтерге қоныстанған. (...) Мінекейіңіз, қала осындай қылмыскерлерге қандай жағдай жасап отырғанын көріңіз. Таңертең пәтерден шығып кетеді де, оларға ақша қажет болған соң қылмыс жасайтын объект іздейді. Осы көліктің (Денис Теннің көлігінің – авт.) жанынан екі рет өтіп, жақсы әрі қымбат машина екенін көрген. Айнасынан ешқандай жазудың жоғын байқаған. Қазір көп адам сақтану үшін нөмірлерін жазып қояды. Қылмыс жасаған соң Денис шығады. Болды. Ол - батыр. Ол бірден қуып жетіп, біреуін ұстап тұрған. Екінші қылмыскер келіп пышақтамайынша қаша алмаған. Өлтіргісі келді, келмеді деген дәлелдер сотта айтылады. Мән-жайы осындай», - деді Қасымов.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары осы оқиғадан соң ұрланған автокөлік бөлшектерін сататын базарларға рейд жүргізген.

«Алматыда, Астанада, Қарағанды мен Павлодарда рейд жүргіздік. Нәтижесін көріп отырмыз. Астана базарындағы бес контейнерді тексере бастағанымызда иелері қашып кетті. Олардың кім екенін де білмейміз. Содан кейін таба алмадық. Базар қожайыны неге болса да рұқсат беріп тұр ғой. Қандай лицензия туралы айтуға болады? (...) Қаншама орталықтар тұрғыздық. Неліктен базарларды тәртіпке келтіре алмаймыз? Апатты базарларды жабыңдар дейміз. Жоқ. Қайда өтім болса, сонда сұраныс бар. Бұл Алматы мен басқа қалалардың басындағы жағдай. Сұраныс бола берсе, жел диірмендерімен күресетін боламыз...» - деп айтты министр.

Қасымов Денис Тен өліміне күдіктілерді ұстауға қатысты мәліметтің бәрін Президентке баяндап отырғанын айтты.

«Мен Ақтауда болдым. Осы қылмыс туралы маған хабарласып айтты. Бақылауымызда болды. Істі түні бойы бақылауымызда ұстап, қылмыскерлер нақтыланғанда біріншісін ұстадық. Ал екінші қылмыскерді ұстау қиынға соқты. Жасырынып бақты. Нақты мекенжайы болмады. Зор күш салдық. Бір орыннан келесі орынға ауысып жүрген сәтінде біз оны ұстап алдық. Үш түн ұйықтамадық. Президентке осы туралы екі рет баяндама жасадым. Ол бақылауында ұстады. Қайғылы жағдай бәріне ауыр тиді. Қылмыс халық арасында үлкен резонанс тудырды», - деп түйіндеді ол.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын.

Спортшыны өлтірді деген күдікпен Нұралы Қиясов және Арман Құдайбергенов қамауға алынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер