USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Президент күніне орай облыста 300-ден астам іс-шара өтті

Биыл облыста мерекеге орай 300-ден астам арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Бүгін салтанатты концерттік бағдарлама аясында шығысқазақстандықтар Елбасының тәуелсіз елімізді өркендетіп, Қазақстанның қарыштап дамуындағы еңбегін ашып көрсетті, дейді BAQ.kz тілшісі.

Өнерпаздар көрермендерге Елбасының Қазақстан Республикасының қарыштап дамуындағы еңбегін көрсететін қойылым тарту етті.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі іс-шараға қатысушыларды мейраммен құттықтады.

"Бүгінгі мереке – халқын аңсаған арманына жеткізіп, дербес мемлекет құрған біртуар перзентіне деген ұлтының ыстық ықыласы. Ерен еңбек, салихалы саясатымен тарихи қысқа уақытта Қазақстанды дүние жүзіне танытқан кемеңгер Елбасымызға деген халқының ақ ниеті. Қазақстан, Тәуелсіздік, Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір-бірінен ажырамас ұғымдар", - деді Даниал Ахметов.

Тамаша концерттік бағдарлама облыс өнерпаздарының өнер көрсетуімен жалғасын тапты. Шығысқазақстандықтарды құттықтау үшін «Астана Опера» театрының солистері Альфия Каримова мен Медет Чотобаев келді.

Жалпы, мерекеге орай өңірде 300-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылған. Бүгін облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы Президентінің оқу залы және Қазақстан Халқы Ассамблеясының мұражайы ашылды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады