Полицейлер ата-аналар мен оқушыларға үндеу жолдады - Қоғам|07 Тамыз 2018, 15:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Полицейлер ата-аналар мен оқушыларға үндеу жолдады

Фото: ашық дереккөзден

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті ұстаздарға, оқушылар мен олардың ата-аналарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Комитеттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, әкімшілік полиция қызметкерлері жол және коммуналдық қызметтермен бірлесіп, жаяу жүргінші өтпелерінің қажетті жол белгілерімен, жол таңбасымен, жаяу жүргінші қоршауларымен және басқа да жол жүрісін реттейтін техникалық құралдармен жабдықталуын тексеріп жатыр. Әсіресе, жалпы білім беретін мекемелерге жақын аумақтар ерекше бақылауда. Тексеру нәтижесі бойынша орын алған кемшіліктерді жою үшін уәкілетті ұйымдарға нұсқамалар жолданған.

«Сонымен бірге, Әкімшілік полиция комитеті педагогтарға, оқушылар мен олардың ата-аналарына ескертеді. Жол жүрісін ұйымдастыру бойынша ескертулеріңіз, ұсыныстарыңыз, балалар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты басқа да маңызды мәселелер болса, ведомствоның сайты арқылы тікелей аумақтық ішкі істер органдарына немесе Фейсбуктегі парақша арқылы ІІМ ӘПК-ге жолдай аласыздар» делінген хабарламада.

Жолданған ұсыныс-тілектер қаралып, ол бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер