BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Павлодарда саябақтың орнында жасанды су айдыны салынады

Фото: автор

Павлодарда аяусыз оталған Ворушин саябағының орнында жасанды су айдыны пайда болады, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Жасыл массивтің жойылуы салдарынан аумақ батпаққа айналып, қамыс өсіп кеткен болатын. Енді парк аумағын сауықтырумен жергілікті билік айналыспақ.

Аға буын өкілдері 50 жылдық тарихы бар Ворушин паркі кезінде ну орманмен пара-пар болған деседі. Аумақта 20-ға жуық ағаш түрі өсіп жайқалып тұрған. Бүгінде жасыл желектің түптері ғана қалған. Төрт жыл бұрын жасалған түгендеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйенсек, бұл паркте 5 мың ағаш болған.

автор

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Андрей Балашовтың айтуынша, мәселені шешуге бүгінде Металлургтер паркінің иелері, яғни «Қазақстан Алюминийі» АҚ атсалыспақ. Кәсіпорын жерасты суларының өткерілуін тоқтату мақсатында бір жылдық жоба әзірлеуде.

«Жасанды су айдынын салу қарастырылған. Сонымен қатар, жоба бойынша нөсерлік дренаждық суағарлар құрылысы қарастырылған. Яғни, саябақтағы жиналған су осы жасанды су айдынына жиналады. Оның артық бөлігі кәрізге ағады, ал қалғаны жасыл ағаштарды суаруда қолданылады. Осылайша, жасанды өзеннің суын екінші рет пайдаланамыз. Осы тектес парктер Еуропа елдерінде өте көп. Жобаны әзірлеуде неміс мамандарымен кеңестік», - дейді Андрей Балашов.

Жоба келесі жылы жүзеге асырыла бастады. Жалпы құны шамамен 200 млн. теңгені құрайды. Мамандардың айтуныша, саябақ еуропалық стильде болады. Арнайы сәулеттік-ландшафттық дизайн әзірленіп, парк адам танымастай өзгереді деп жоспарлануда. Ылғалды топыраққа бейім келетін ағаш сұрыптарының 800 данасы отырғызылады.

автор

Айта кетейік, жаңа жобаны жүзеге асыру барысын қоғамдық экологтар жіті бақыламақ.

«Жобаны тереңінен зерттеу керек. Сонымен қатар, экожүйенің жағдайын үнемі бақылап отыру керек», - дейді эколог Марина Поух.

Мамандар бұған дейін Ворушин паркінің аумағындағы топырақтың қышқылдығын тексеріп, зерттеу жүргізген. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Топырақтың қышқылдық көрсеткіші - 4-4,5. Биологтардың айтуынша, топырақтағы судың көптігінен жас өсімдіктер тұншығып, қурап қалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер