BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Павлодарда іздестіру жасақтарының ортақ штабы құрылды

Фото: Автор

Ертіс өңірінде павлодарлық іздестіру жасақтарының ортақ штабы құрылды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Жергілікті еріктілер орталығының жанындағы штабтың ашылуына жергілікті іздестіру жасақтарының мүшелері мұрындық болған.

«Мақсатымыз – іздестіру отряд мүшелерін бір арнаға тоғыстырып, ортақ мақсат жолында еңбек ету. Ұлы Отан соғысында хабар-ошарсыз кеткен азаматтар туралы мәліметтердің ортақ базасын құруды көздейміз. Сонымен қатар, жұмысымыз іздестіру жасақтарының экспедиция барысында тапқан азаматтардың туған-туысқандарын табуға арналады», - дейді ұйымадстырушылардың бірі Салауат Игіліков.

Айта ктейік, бүгінде Ертіс өңірінде «Майдан жолы» және «Панфиловшылар» атты екі іздестіру жасағы бар. Көктемгі «Еске алу вахтасы» шарасы шеңберінде отряд мүшелері Ресейдің Тверь және Волгоград облыстарында қазба жұмыстарын жүргізді. Ресейлік әріптестермен бірлесіп, 75 ержүрек азаматтың сүйегі көтерілді.

«Майдан жолы» отрядының негізін қалағандардың бірі Жұмабек Қамзинның айтуынша, жасақтың 10 жылдық тарихында Ресей жерінде қазақ солдаттарына 23 ескерткіш орнатылып, тозығы жеткен нысандар қалпына келтірілген. Ал биыл Волгоград жеріндегі Мамаев қорғанында қазақ жауынгерлерінің ерлігіне арналған тағы бір ескерткіш бой көтерді.

«Біздің мақсатымыз – Ресей, Орталық Азиядағы елдердің іздестіру жасақтарын біріктіріп, бір мақсат жолында еңбек ету. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс – баршамызға ортақ», - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер