BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Павлодар облысы Астанадағы жәрмеңкеге 541 тонна өнім алып келді

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашевтың айтуынша, екінші рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге 100-ден астам шаруа қожалықтары қатысып жатыр.

«Павлодардан 150 млн теңге сомасына 541 тонна көлемінде өнім жеткізілді. Оның ішінде 55 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 220 тонна картоп, 120 тонна көкөніс және 146 тонна тағы басқа ауыл шаруашылық өнімдері бар», - деді ол.

Осы орайда басқарма басшысы павлодардық шаруалардың өніміне сұраныс жоғары екенін атап өтті.

«Өнімдеріміз Астанада үлкен сұранысқа ие. Әсіресе, елордалықтарға Баянауылдың еті ұнайды. Сондай-ақ картоп және көкөніс өнімдері жақсы сатылады. Өнімдеріміз нарықтағы бағадан төмен. Осы жолғы жәрмеңкеге 20 мыңнан астам адам келеді деген үміттеміз», - деді Нұрболат Мақашев.

Айта кетейік, жәрмеңке «Қазақстан» спорт кешенінің жанында екі күн бойы жалғасады.

Фото/видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер