BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Өзендеріміздің байлығы өзімізге бұйырсын

Фото: azh.kz

Астана, BAQ.KZ. Атырау шекара отрядына қарасты «Евразия» заставасының шекара наряды өткен түнде жалпы салмағы жарты тоннаға жуық бағалы балық өнімдерін тәркіледі. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шекара сақшысы шекаралық мұнараның үстінен түнде бақылап тұрып, Жайық-Каспий каналының маңынан қолшам жарығын байқап қалған. Лезде қаруланып нұсқалған жерге келіп жеткен дабыл тобы 9 қанарға толтырылып қойылған бағалы балықтарды тауып алды. Ал іздерін суытып үлгерген «балықшыларды» қазір құқық қорғау орындары іздестіріп жатыр. Белгісіз адамдар тарапына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып та қойған. Табылған өзен байлығы актіленіп, сол маңдағы балық өңдеу зауыттарының біріне тапсырылды.

Сондай-ақ Ақтөбе отрядының «Жайсаң-авто» өткізу бөлімшесінің шекарашылары кеше күндіз Ресейге кетіп бара жатқан «ГАЗ» автокөлігінің салонынан 1440 дана бағалы балық салынған бірнеше қап тауып, көлік иесін, 47 жастағы Ресей азаматын ұстаған болатын.

Ал, Шығыс шекараның «Семей» шекаралық бақылау отрядына қарасты «Үбе-авто» бөлімшесінде де шекарашылар біздің елден Ресей жаққа жекеменшік «Тойота Лэнд Крузер» автокөлігімен ешқандай құжатсыз, 100 келіге жуық ускуч балығын әкетіп бара жатқан 65 жастағы ресейлікті ұстады. Ұсталған азамат балығымен бірге Шемонайха аудандық карантиндік-ветеринарлық бақылау инспекциясына тапсырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер