BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Өткен жылы 17 жасқа толмаған 3000-ға жуық қыз жүкті болған – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2017 жылы Қазақстанда 17 жасқа толмаған 2947 қыз жүкті болған. Олардың 20-сының жасы 15-ке де жетпеген. Ал 19-ы түсік жасатқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Азаттықтың жазуынша, былтыр ресми органдар 15-18 жас аралығындағы қыздар арасында 1 305 түсік тіркеген.

"2016 жылы бұл көрсеткіш 1 434 еді" делінген министрліктің мәліметінде.

Ресми ақпарат бойынша, 2017 жылы 15-18 жас аралығындағы бала босану коэффициентері әр 1000 бойжеткенге шаққанда 7,9 баладан келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 2017 жылғы жасөспірімдер арасындағы жүктілік көбіне Оңтүстік Қазақстан облысы (545), Алматы облысы (381), Жамбыл облысы (263), Қарағанды облысы (212) мен Шығыс Қазақстан облысында (190) тіркелген.

Облыстардың атауы

2017 жылы тіркелген жүкті әйелдер саны

15 жасқа дейін

15-17 жас

Ақмола облысы

1

136

Ақтөбе облысы

0

96

Алматы облысы

1

381

Атырау облысы

0

126

Батыс-Қазақстан облысы

2

99

Жамбыл облысы

2

263

Қарағанды облысы

2

212

Қостанай облысы

1

116

Қызылорда облысы

0

127

Маңғыстау облысы

0

190

Оңтүстік-Қазақстан облысы

1

545

Павлодар облысы

0

106

Солтүстік-Қазақстан облысы

0

80

Шығыс-Қазақстан облысы

6

190

Алматы қаласы

2

180

Астана қаласы

2

100

Барлығы

20

2 947

Кестедегі деректер Денсаулық сақтау министрлігінің жауабынан алынды.

Кейінгі жылдары 15-19 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында бала туғандар саны көбейіп келеді. Ресми статистикаға сай, 2010-2011 жылдары бала босану коэффиценті әр 1000 бойжеткенге шаққанда 30 баладан келсе, 2015-2016 жылдары бұл көрсеткіш 36-ға жеткен. Бұған қоса, жүкті болып қалған қыздардың 62 пайызы түсік жасатқан. 2016 жылы ресми органдар 15-18 жас аралығындағы қыздар арасында 1400 түсік тіркеген. 2015 жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 1,3 есе көбейген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер