BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Өткен тәулікте қаладан 14 мың текше метр қар шығарылды

Фото: sovsakh.ru

Астана, BAQ.KZ. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына тәулік бойы жолдауға болады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Өткен тәулікте көшелерді тазалау жұмыстарына мамандандырылған техниканың 432 бірлігі жұмылдырылды. Қаланы қардан тазартуға 293 жол жұмыскері шықты. 10 қарашада жолдарға құм-тұз аралас қоспаның 248 текше метрі шашылды. «Астана Тазалық» ЖШС 6197 текше метр, мердігер ұйымдар 7532 текше метр, «Зеленстрой» АҚ 1170 текше метр қарды қаланың сыртына шығарды. 10 қарашада шығарылған қардың жалпы көлемі 14 899 текше метрді құрайды.

Астана әкімдігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.

Сондай-ақ, iKomek орталығына келесі әдістер бойынша хабарласуға болады.

Telegram-дағы: https://t.me/astanaikomek109_bot чат-боты

Әкімдіктің astana.gov.kz сайты

Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды #astana109 хештегімен белгілеу:

Facebook www.facebook.com/astana109/

Instagram www.instagram.com/astana109/

Telegram-канал https://t.me/astana109112


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер