BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Өскеменде сауда нүктелерінде сатылатын ойыншықтардың жартысынан көбі қауіпсіздік талаптарына сай емес

Фото: Зарина Әбілмәжінова

2018 жылдың төрт айында Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті сауда желісіндегі ойыншықтардың алпыс үлгісін сынақтан өткізіп, оның отыз екісі денсаулыққа зиян екенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Ойыншықтарды тексеру барысында иіс, бояғыш зат, сондай-ақ формальдегид және изобутил спиртінің техникалық нормаларының жоғары екені анықталды.

«Ойыншықтары талапқа сай келмейтін 16 сатушы мен жеткізушіге қатысты ұйғарым шығарылды. Ұйғарым бойынша, заң бұзушылықты жою және оны уақытында орындау керек. Сондай-ақ, 4 айлық қорытынды бойынша, бір кәсіпкерге сот арқылы 70 АЕК көлемінде айыппұл салынып, төрт кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жіберілді», - дейді ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Альмира Манкутова.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қала тұрғындарын ойыншық сатып алған кезде абай болуға шақырады. Тауар сатып алған кезде таңбасына, шығу уақыты мен сақталу мерзіміне, иісіне, бояуына назар аударған жөн.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер