BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.1 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Биыл Астанада 65 көше жөндеуден өтеді

Фото: Motor.kz

Осы жылы Астана қаласында ұзындығы 46 шақырымды құрайтын 65 көшеге жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала бойынша жыл сайын жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүреді. Сондай-ақ, «Астана су арнасы» су құбыры мен канализация желілерін және маңы ойылып қалған су құбыры құдықтарының айналасына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

«Осы жылы Астана қаласында ұзындығы 45,95 шақырымды құрайтын 65 көшеге жөндеу жүреді. Оның 15-і орталық көше, қалған 50-і тұрғын үй алаптарында орналасқан», – деп хабарлады Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының жолдарды салу және жөндеу бөлімінің басшысы Асқар Исаков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер