BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы ауысты

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып Руслан Әлішев тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Алдымызда қыруар міндет тұр», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ОКҚ жаңа басшысы Руслан Әлішевті таныстыра отырып.

Әлішев Руслан Қанатханұлы 1978 жылдың 29 шілдесінде дүниеге келген.

Петропавл экономика және құқық колледжін (1997), М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2001),

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (2006) тәмамдаған.

2004-2009 жылдары ─ Солтүстік Қазақстан облысы «Петропавл қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2010-2013 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бас инспекторы, орынбасары және бастығы.

2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары (әлеуметтік мәселелер бойынша).

2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы.

2014-2016 жылдары ─ «Нұр Отан» орталық аппараты Саяси жұмыстар департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2016 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.

2016 жылғы 1 қырқүйектен бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Ал бұған дейін ОҚК басқарған Анастасия Щегорцованың «Қазконтент» АҚ басшысының орынбасары болып тағайындалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер