BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы көбейеді

2019 жылдан бастап орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға дейін көбейеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар комитетінің төраға орынбасары Қайрат Үстеміров мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Статистика бойынша ауыл, орман, балық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің ең төмен жалақы алатынын білесіздер. Орман шаруашылығымен айналысатындарға келетін болсақ жалақылары 30-40 мың теңгенің айналасында. Мыңдаған гектар жерге қарайтын Ұлттық парк директорының өзі 80 мың теңге алады. Бірінші кезекте бұл мәселені шешу үшін 2019 жылдан бастап осы саладағы қызметкерлердің жалақысын 25%-ға дейін көтеруді қолға алып жатырмыз. Біліктілік талаптарын әзірледік. Үстемақы енгізуді де жоспарлап отырмыз. Бұл да жалақыны 40%-ға дейін көбейтуге әсер етпек», - деді Қайрат Үстеміров.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер