BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген қазақстандықтың тұтқындалғаны расталды

Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген күдікпен тұтқындалған шымкенттік азаматтың ұсталғанын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі растады, деді ол Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алайда Baq.kz тілшісіне берген сұқбатында шымкенттік азаматтың әкесі Қайсар Шерім өзі ұлының не себепті ұсталғанын білмейтінін айтты.

"Баламның ұсталғаны рас, бірақ не себепті екенін білмеймін" - дейді ол.

Сондай-ақ, Қайсар Шерім Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне хабарласып, көмек сұрағанын айтты.

«Сыртқы істер министрлігіне хабарластым. Ондағы адамдар мәселенің мән-жайын толық білместен, ешкімге ақпарат бермеңіз деді. Ертең Астанаға барамын. Олар заң негізінде көмек көрсетіп, Оңтүстік Кореяның ресми органдарымен байланысқа шығады. Сондықтан қазір қандай да бір түсінік беруден бас тартамын», - деген еді ол кеше.

Ал кейбір ақпарат құралдары оның ұлы Аманат Жұмашқа қыз зорлады деген айып тағылып отыр деп жазды. Бірақ Қайсар Шерім бұл ақпараттың рас-өтірігі әлі белгісіз екендігін айтқан болатын.

«Қандай айып тағылғаны белгісіз. Қасындағы таныстарының ақпаратына дәлел жоқ. Себебі ешкім ұлыммен көрісе алмайды, телефонын да тартып алған. Ертең Сыртқы істер министрлігіне барған соң, арнайы хат жолдап, Оңтүстік Кореядан жауап күтеміз» - деді ол.

Ал бүгін СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Аманат Жұмаштың тұтқындалғанын растады.

"Біз Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдары әйел зорлады деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстағанын растаймыз. Корейлік тарап тергеуге байланысты бұл істің мән-жайын ашпай отыр", — деді Әнуар Жайнақов.

Сонымен қатар ол Оңтүстік Кореядағы Елшілік бұл істі назарда ұстап отырғанын айтты.

"Оңтүстік Кореядағы Қазақстан консулы ұсталған жігіттің туған-туыстарымен, осы істі жүргізіп жатқан прокурор және адвокатпен тұрақты түрде байланысып отыр", — деді ол.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын БАҚ-да Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат әйел зорлады деген күдікпен қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер