BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Астана, BAQ.KZ. Астанада «Өнеркәсіптік сектордағы ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбындағы конференция ашылды. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ҚАӨМ) мен «Транстелеком» АҚ бірлесіп ұйымдастырды.

Екі күнге созылатын конференцияға, еліміздің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің Тізбесіне кірген, әр түрлі саладағы ұйымдардың мамандары және басшылары қатысады.

Конференцияда Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Тимур Шаймергенов сәлемдесу сөзін сөйледі, және қазіргі уақытта өнеркәсіптік саладағы ақпараттық қауіпсіздіктің проблемалық мәселелерін шешуге бірыңғай тәсілдерді өндіру қажеттілігі туындағанын атап өтті.

«Транстелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Ж. Надыров конференцияға қатысуында еліміздің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің мәліметтерін қорғау бойынша ҚР ҚАӨМ-мен бірлесіп жүргізілетін жұмыс туралы ақпараттандырды.

Конференция барысында ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дмитрий Голобурда қатысушыларды ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жасалған жұмыстар туралы, сондай-ақ елімізде ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарын құру барысы туралы хабардар етті.

Сонымен бірге іс-шарада киберқауіпсіздіктің өнеркәсіптік орталығын құру жөніндегі мәселелерді талқылайды. Конференцияда «Лаборатория Касперского» (Ресей), «Positive Technologies» (Ресей), «Honeywell» (АҚШ), «CyberX» (Израиль), «STM «(Түркия) өкілдері баяндаушылар болып табылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер