BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Ондаған адамды алдаған алаяқ ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Астана полициясы Интернет желісінде банктегі байланысы арқылы кез келген сомада несие рәсімдеп беру қызметінде делдал болуға уәде беретін алаяқтар туралы ескертеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтар www.olx.kz сайтына несие тарихы нашар азаматтарға банктен несие алуға көмек беретіні туралы хабарландыру жариялайды. Сақтандыру қызметін сылтауратып алдымен QIWI-әмиянға ақша аударуын талап етеді. Ақшаның құйылғанын көрген соң, олар хабарландыруды өшіріп, абоненттік номерден құтылып отырады.

Айталық, 15 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері жоғарыда аталған схема бойынша 10-нан астам адамды алдаған 24 жастағы ер азаматты қолға түсірді.

Зардап шегушілермен әңгіме барысында ер адам банкте таныстарының барын айтып, несиенің расталуына уәде берген.

Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 19 бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған азаматтан зардап шеккен тұлғалардың саны бұдан да көп болуы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер