BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Омбы облысында екі қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: BaltNews.ee

Омбы облысында шекарадан заңсыз өтпекші болған Қазақстанның екі азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі omskinform.ru сайтына сілтеме жасап.

57 және 28 жастағы екі қазақстандық азамат өздеріне Ресейге кіруге рұқсат етілмейтінін біле тұра өзара келісіп, 14 ақпан күні Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасынан өтіп кеткен. Олар Одесса ауданының Орехово ауылында ұсталды. Екі ер адамға РФ ҚК-нің 322-бабы, 3-бөлігі бойынша (Алдын ала келісім бойынша Ресей Федерациясы мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту) қылмыстық іс қозғалды. Сот оларды қамауда ұстау түріндегі алдын алу шарасын таңдады. Тергеу амалдары облыстық прокуратураның бақылауында болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер