BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

OLX.kz-те жалған зейнетақы құжатын жасаған әйел 4 жылға сотталуы мүмкін

«Астана LRT» ЖШС көлік бақылау департаменті 2017 жылдың желтоқсанында OLX.kz сайты арқылы жалған зейнетақы куәлігін жасайтын тұрғынды анықтады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Енді жалған құжат жасаған әйел төрт мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде (2018 жылы 9 620 200 теңге) айыппұл төлейді, я болмаса төрт жыл бас бостандығынан айрылу, не бостандығын шектеу жазасын алуы мүмкін.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Көлік бақылау департаментіне автобус парктерінің басшысынан бірнеше рет шағым түскен. Олар қалалық автобустарда жалған құжат жасап алғандар көбейді деп арызданған.

Еске сала кетейік, №51 маршрутты кезекті тексеру кезінде «Астана LRT» ЖШС көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушы әйелдің жалған зейнеткер куәлігін пайдаланып келгенін анықтады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер