BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

«Ол түзелмейді». Қасымов теракт жасаған Күлекбаевтың қатаң бақылауда екенін айтты

Фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов екі жыл бұрын Алматыда теракт жасаған Руслан Күлекбаевқа түрмеде қатаң бақылау жасалғанын айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Күлікбаев туралы: қазіргі уақытта ол түрмеде жазасын өтеп жатыр. Камерада. Қатаң бақылауда. Камераға бейнебақылау орнатылған. Ол екі мәрте өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын көргеннен кейін қызметкерлеріміз дереу кіріп, әрекетінің алдын алдық. Біз оны тұрақты бақылауда ұстайтын боламыз. Өз-өзіне қол жұмсау туралы ойы бар екені түсінікті. Ол түзелуге келмейтінін айтқым келеді. Шынын айтқанда, қолға алып жатқан жұмыстардың ешқандай психологиялық әсері жоқ. Ол өз пікірінде қалып отыр. Әрі қарай қатаң бақылауда бола береді», - деді Ішкі істер министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың 2 қарашасында Алматының Алмалы ауданы ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шілденің 18-і күні шабуыл жасап, полицияның сегіз қызметкері мен екі тұрғынды атып өлтірді деп айыпталған Руслан Күлекбаевқа және оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шыққан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер