BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

ОҚО-дағы жеті жасар баланың анасы болған жайдан кейін есін жия алмай отыр – ресми өкіл

Фото: 100li4ka.ru

ОҚО-дағы жеті жасар бала мен оның анасының ресми өкілі – Анар Рахымбаева анасы мен баласы қазір қайда екендері және жағдайлары қалай екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Today.kz сайтына сілтеме жасап.

Отбасы «Асыл бала» қоғамдық қорының қорғауында.

«Баланың анасы өте ауыр жағдайда. Ол болған жағдайдан кейін әлі есін жия алмай отыр. Ол мемлекет қорғауында және болашақта да мемлекет қорғауында бола бермек. Біз қауіпсіздік қызмет күзетін күшейттік. Мен бұл ана мен баланың ресми өкілі екенімді жариялаймын. Біз ҚР Бас прокуратурасымен тығыз байланыста жұмыс істейміз», - деді Анар Рахымбаева.

Ресми өкіл 19 наурызда анасы мен баласы Алматыға баратынын айтты. Ол жақта оларды дағдарыс орталығына орналастырады.

Баланың апалары мен әпкесі Астанадағы туысқандарының үйінде. Алматыға бәрі бірге барады.

«Барлық әрекет Бас прокуратураның қадағалауымен жасалады. Халықаралық сарапшыларды тарту арқылы тағы бір сараптама жасау мәселесі қарастырылып жатыр», - дейді ресми өкіл.

Қазіргі уақытта бала Астанадағы «Аналар үйінде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер